2026 жылғы 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" Республикалық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Әр мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың атаулы дербес тізімдері жасалды. Білім беру ұйымдарында «сенім телефондарының» үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды. Балалар мен ата-аналар, қиын өмірлік жағдайға тап болғандардың барлығы көмек сұрай алады. Өз кезегінде, барлық жанашыр азаматтар, кәсіпкерлер мен меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға көмек көрсете алады.
Барлық жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлер мен меценаттарды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!





