2026 жылғы 9 қыркүйекте КММ «Нижнеборлық мектеп-бөбекжай-бақша кешені» 9-сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Әңгімелесу барысында оқушыларға құқық бұзушылық ұғымы, құқыққа қайшы әрекеттердің себептері мен салдары, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілігі түсіндірілді.
Мектепте және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау, айналадағы адамдарға құрметпен қарау, заң талаптарын орындау және жанжалды жағдайларға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, күнделікті өмірден мысалдар келтірді. Әңгіме соңында оқушыларға өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және заң талаптарын сақтау қажеттілігі тағы бір мәрте ескертілді.





