«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқанының жұмыс жоспары аясында 5-сыныпта «Мен сыныптастарыммен қалай қарым-қатынас жасаймын» тақырыбында тренингтік сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты — жасөспірімдердің қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, өз сезімдерін ұғыну және білдіру, айналадағы адамдардың сезімдерін түсіну, өзін-өзі тану мен өзін-өзі көрсету тетіктерін белсендіру.
Оқушылар сендіру және қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға арналған «Кейіпкермен таңғы ас», вербалды емес қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған «Автобус», байланысқа түсу кезінде жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастыратын «Карусель» жаттығуларын орындады.
Сабақ «Шам» жаттығуымен қорытындыланды. Барлық оқушылар тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытты.





