«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» іс-шаралары аясында 9-сынып оқушыларымен профилактикалық үзіліс өткізілді. Бұл шара барысында оқушыларға жеке шекара және жыныстық қолсұғылмаушылық ұғымдары түсіндірілді. Әрбір адамның өз денесінің қолсұғылмаушылығына құқығы бар екені, сондай-ақ ерікті және саналы келісімсіз жыныстық сипаттағы кез келген әрекетке жол берілмейтіні еске салынды.
Оқушыларға қауіпті жағдайларды қалай тануға болатыны, жеке шекара бұзылған немесе қауіп туындаған жағдайда қайда жүгіну керектігі жөнінде ұсыныстар берілді. Сонымен қатар сенімді ересектер мен ресми қолдау қызметтерінің маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ цифрлық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды: фотосуреттерді жіберуге жол берілмейтіні, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудың қауіптілігі және әлеуметтік желілерде сақтық шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілді.





