КММ «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені»
Ресми интернет-ресурс

#Адал_азамат 2026 жылғы 13–14 мамыр аралығында «Арықбалық орта мектебі» КММ базасында Айыртау ауданының жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған «Алау» аудандық мамандандырылған әскери-спор

#Адал_азамат

2026 жылғы 13–14 мамыр аралығында «Арықбалық орта мектебі» КММ базасында Айыртау ауданының жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған «Алау» аудандық мамандандырылған әскери-спорттық ойыны өткізілді.

Жарысқа 10 команда қатысты. Қатысушылар АК-74 ММГ автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау, Калашников автоматының оқжатарын уақытқа патрондармен жабдықтау, газтұмылдырық кию, жалпыәскери қорғаныс киімін плащ түрінде кию, пневматикалық мылтықтан нысана ату, жүгіру және басқа да сайыстар бойынша жоғары дайындық деңгейі мен шеберліктерін көрсетті.

Екі күнге созылған тартысты дода қорытындысы бойынша біздің команда І орынға ие болды.

Записаться на прием