#Адал_азамат
2026 жылғы 13 ақпанда мектепте «Құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауда ата-аналық бақылау мен жауапкершіліктің рөлі» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жантасова Н.Ш. құттықтау сөзімен ашып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.
Жиналыс барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:
– Баланың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің рөлі және жасөспірімдердің психологиялық әл-ауқаты: ата-аналар нені білуі қажет (педагог-психолог Шокубаев Ж.У.);
– Құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг мәселесі (әлеуметтік педагог Кувшинова С.А.);
– Мектеп ұжымында буллингтің алдын алу (Жантасова Н.Ш.).
Кездесу барысында ата-аналар құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары, балалардың психологиялық денсаулығын сақтау, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және балалардың болашағы үшін ересектердің жауапкершілігін күшейту туралы маңызды әрі пайдалы ақпарат алды.





