КММ «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені»
Ресми интернет-ресурс

#Адал_азамат #Закон_и_порядок «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал Азамат» бағдарламасын іске асыру аясында мектепте оқушылардың жауапты мінез-құлқын, құқықтық сауаттылығын және қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жеке қауіпсізді

Previous Next

#Адал_азамат

#Закон_и_порядок

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал Азамат» бағдарламасын іске асыру аясында мектепте оқушылардың жауапты мінез-құлқын, құқықтық сауаттылығын және қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жеке қауіпсіздік сабақтары апта сайын өткізіледі.

Сабақ барысында оқушылар үйде, көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық ережелерін, интернет қауіпсіздігін, құқық бұзушылықтың, буллингтің және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелерін меңгереді. Заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға және түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуге ерекше назар аударылады. Сабақтарды өткізу адалдық, әділдік және тәртіп қағидаларын ұстанатын саналы, тәртіпті әрі жауапты азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етеді.

Записаться на прием