КММ «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені»
Ресми интернет-ресурс

#БезопасноеИСчастливоеЛето #12ДнейПротивЭксплуатацииДетскогоТруда #Лето2026 Балалар еңбегін қанауға қарсы күрестің «12 күн» ұлттық ақпараттық науқанының іс-шаралар жоспарына сәйкес 3 маусым күні 8 және 10-сынып оқушыларымен «Менің шекарам – менің қауіп

Previous Next

#БезопасноеИСчастливоеЛето  

#12ДнейПротивЭксплуатацииДетскогоТруда 

#Лето2026

Балалар еңбегін қанауға қарсы күрестің «12 күн» ұлттық ақпараттық науқанының іс-шаралар жоспарына сәйкес 3 маусым күні 8 және 10-сынып оқушыларымен «Менің шекарам – менің қауіпсіздігім» тақырыбында әңгіме өткізілді.

Әңгіме барысында оқушылар «жеке шекара», «қауіпсіздік», «балалар еңбегін қанау», «зорлық-зомбылық», «бала құқығы» ұғымдарымен танысты. Жеке шекаралардың бұзылуына байланысты жағдайлар, өз құқықтарын қорғау жолдары және қауіпті жағдайлар туындаған кезде көмекке жүгіну тәсілдері қарастырылды.

Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді, өмірден мысалдар келтіріп, өз пікірлерін білдірді.

Әңгіме соңында оқушылар «Менің шекарам – менің қауіпсіздігім» тақырыбы бойынша тапсырмалар орындап, ақпараттық жадынамалар алды.

Записаться на прием