КММ «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені»
Ресми интернет-ресурс

#БезопасноеИСчастливоеЛето #12ДнейПротивЭксплуатацииДетскогоТруда #Лето2026 📢 «Балалар еңбегін қанауға қарсы күрестің 12 күні» ұлттық ақпараттық науқанының іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 8 маусым күні оқушылармен «Буллинг пен интернеттегі қауі

Previous Next

 #БезопасноеИСчастливоеЛето  

#12ДнейПротивЭксплуатацииДетскогоТруда 

#Лето2026

📢 «Балалар еңбегін қанауға қарсы күрестің 12 күні» ұлттық ақпараттық науқанының іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 8 маусым күні оқушылармен «Буллинг пен интернеттегі қауіп-қатерлерге жол жоқ!» 🌐🛑 атты профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар буллинг пен кибербуллинг ұғымдарымен танысып, интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйренді, интернеттегі қауіптердің түрлерін және олардан қорғану жолдарын талқылады. 👧👦💻

Құрметке негізделген қарым-қатынас жасауға, виртуалды кеңістіктегі өз әрекеттері үшін жауапкершілікке және қиын жағдайларда дер кезінде көмек сұрай білуге ерекше назар аударылды. 🤝💙

Іс-шара соңында оқушылар тақырыптық жұмыс парағын орындап, алған білімдерін бекітіп, барлық тапсырмаларды сәтті орындады. 📝✨

🌟 Қауіпсіз интернет – әрқайсымыздың жауапты мінез-құлқымыздан басталады!

Записаться на прием