Отбасы күнін дайындау және өткізу аясында 5-сыныпта «Менің тату отбасым» атты қызықты викторина ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-аналарға және аға буын өкілдеріне деген құрметті қалыптастыру. Оқушылар алғашқы минуттардан-ақ ойынға қызығушылықпен және белсенділікпен қатысты. Викторина жылы әрі достық атмосферада өтіп, барлығына маңызды бір ойды тағы бір мәрте еске салды: берік отбасы — мықты қоғамның негізі!





