👨👩👧👦 Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында 7 қыркүйек күні кітапханашы М.М. Вербицкаяның ұйымдастыруымен «Анашым, әкешім, мен – кітап оқитын отбасымыз» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде отбасының барлық мүшелеріне — балаларға, ата-аналарға және аға буын өкілдеріне қызықты әрі пайдалы кітаптар ұсынылды. 📖
Осындай іс-шаралар оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, дүниетанымды кеңейтуге және отбасында бірге кітап оқу дәстүрін нығайтуға ықпал етеді. ❤️📚





