Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында 9-сынып оқушылары арасында «Отбасылық код» атты ойын өткізілді.
Мақсаты:жоғары сынып оқушыларының отбасылық құндылықтар, отбасындағы рөлдер туралы түсініктерін қалыптастыру және өзара түсіністік дағдыларын дамыту.Ойын барысында оқушылар «Ассоциациялар» атты сергіту жаттығуына, «Шындық па, әлде миф пе?» викторинасына қатысып, **«Сен не істер едің?»** жағдаяттарын талқылады. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің **«Арманындағы отбасын»** құрып, болашақ отбасының 3 негізгі ережесін тұжырымдады. Іс-шара оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға, жақындарына құрметпен қарауға және болашақта отбасын құруға жауапкершілікпен қарау сезімін қалыптастыруға ықпал етті.





