КММ «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені»
Ресми интернет-ресурс

Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектебіміздің оқушылары арасында «Бірге сурет саламыз» атты отбасылық шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, со

Previous Next

Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектебіміздің оқушылары арасында «Бірге сурет саламыз» атты отбасылық шығармашылық байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ балалар мен ата-аналардың бірлесіп шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік жасау.💕

Қатысушылар ата-аналарымен бірге жарқын әрі қызықты суреттер салып, өз жұмыстарында қиялдарын, жылуы мен отбасына деген сүйіспеншіліктерін бейнеледі.

Барлық оқушылар мен ата-аналарға белсенді қатысқандары, шығармашылық көзқарастары және көтеріңкі көңіл-күйлері үшін алғысымызды білдіреміз! 🌷

 Отбасы – армандар дүниеге келетін, қолдау мен сүйіспеншілік орнаған мекен!❤️

Записаться на прием