Отбасы күніне орай педагог-психолог Шокубаев Ж.У. ата-аналар арасында «Айқайсыз және кемсітусіз қалай тәрбиелеуге болады?» тақырыбында жадынама әзірлеп, таратты.
Жадынамада балаларды тиімді әрі құрметпен тәрбиелеу, баламен дұрыс және сындарлы қарым-қатынас орнату, жанжал жағдайларының алдын алу, сондай-ақ отбасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша пайдалы ұсыныстар берілген.
Балаға деген мейірім, түсіністік пен құрмет – берік әрі бақытты отбасының негізі!





