📢 Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау бойынша жаңа OQU Ұлттық білім беру платформасы арқылы пилоттық жоба іске асырылуда. Енді құжат тапсыру үдерісі бұрынғыдан да ыңғайлы, ашық әрі қолжетімді болды — өтінішті үйден шықпай-ақ онлайн түрде беруге болады.
✅ Ата-аналар нені білуі қажет:
🔹 Баланың жасы: 1-сыныпқа 6 жасқа толған немесе ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
🔹 Өтініш беру: OQU платформасы арқылы жүзеге асырылады. Жүйеге кіру eGov mobile немесе ЭЦҚ арқылы қолжетімді.
🔹 Қарау мерзімі: мектеп өтінішті 1 жұмыс күні ішінде қарайды.
🔹 Қажетті құжаттар: ата-аналар баланың 3×4 көлеміндегі фотосуретін өздері жүктейді. Денсаулық паспорты (№ 052-2/у нысаны) және Профилактикалық екпелер картасы (№ 065/у нысаны) мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде жүктеледі. Деректер болмаған жағдайда құжаттарды қолмен тіркеуге болады.
📅 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өтініш қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 29 маусымнан 31 тамызға дейін.
Құжаттарды тапсыру мерзімдерін мұқият қадағалап, балаңызды 1-сыныпқа сәтті қабылдау үшін қажетті мәліметтерді алдын ала дайындап қойыңыздар





