«Сенім алаңы» психологиялық алаңының жұмысы аясында «Мен кімнен көмек сұрай аламын?» атты тақырыптық күн өтті.
Мақсаты:білім алушылардың қиын өмірлік жағдайларда дер кезінде қолдау мен көмекке жүгіну дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында балалар презентациямен танысып, «Менің қолдау шеңберім» жаттығуын орындады, көмек сұрай алатын адамдарды анықтады, сондай-ақ қолжетімді көмек көрсету қызметтері мен мамандар көрсетілген жеке көмек карталарын құрастырды.
Іс-шара балаларға қиын жағдайда жалғыз қалмай, дер кезінде сенімді адамдар мен мамандардан көмек сұраудың маңыздылығын түсінуге көмектесті.





